Қоғам • 01 Маусым, 2022

VIP нөмір иелері бюджетке 31,5 млн теңге шығын келтірген

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті автокөліктердің VIP нөмір иелері бюджетке 31,5 млн теңге шығын келтіргенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

VIP нөмір иелері бюджетке 31,5 млн теңге шығын келтірген

Департамент қызметкерлері көлік жүргізушілері арасында жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беруге мониторинг жүргізген. Мониторинг кезінде мемлекеттік баж қаржысының толық көлемде төленбегені анықталып отыр.

«Департамент қызметкерлері жүргізген мониторинг нәтижесінде көлігіне VIP нөмір алушылардың арасында мемлекеттік бажды төлеуден жалтару деректері анықталды. Мәселен, 2019-2021 жылдары берілген нөмірлерді тексеру қорытындысымен 59 адамнан мемлекеттік баж үшін төленетін 14 млн теңгеден астам қаржы бюджетке түспегені белгілі болды. Ал, 78 адам мемлекеттік баж қаржысын толық төлемеген. Соның салдары - бюджетке 2,7 млн теңгеге жуық қаржы түспей қалған. Сондай-ақ,52 қызмет алушы 14,4 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік баж төлеуден негізсіз босатылған», деп хабарлады өңірлік департаменттің баспасөз қызметі.

Аталған мониторинг нәтижесінде 2019-2021 жылдары мемлекетке 31,5 млн теңгеден астам қаржының залалы келтірілгені анықталды.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25