Аймақтар • 01 Маусым, 2022

Қашағанда мұнай өндіру тоқтады

587 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнындағы өндірістік нысандар жұмысы 45 күнге тоқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.



Қашағанда мұнай өндіру тоқтады

NCOC компаниясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін 1 маусымнан бастап «Қашаған» кен орнының теңіз және құрлық кешендеріндегі өндірістік нысандары жұмысын тоқтатады.

«Жоспарлы алдын алу мақсатындағы жөндеу – маңызды іс-шаралардың бірі. Сол себептен бірнеше жылда бір рет нормативтік талаптарға және өндірістік қажеттіліктерге сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндірісті қысқа кезеңге толық тоқтату көзделген. Мақсат – «Қашаған» кен орны өндірістік нысандарының жоспарлы алдын алу мақсатындағы жөндеу-өндіру жүйесінің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың, ҚР нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген міндетті іс-шаралар мен инспекциялардың жүзеге асырылуын, сонымен қатар өнімділікті және өндіру жүйесінің сенімділігін оңтайландыру мен одан әрі арттыруға арналған жұмыстар мен жобалардың орындалуын қамтамасыз ету. Көлемі 2 млн адам-сағаттан асатын ауқымды жұмыстарды 45 күн ішінде орындау жоспарланып отыр», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«Қашаған» – Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай өндірілетін алғашқы ең ірі кен орны. 2000 жылы ашылған. Мұнда өндірілетін мұнай қоры – болжам бойынша 9-13 млрд баррель. «Қашағанда» коммерциялық мұнай өндіру 2016 жылғы күзде басталған.



 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024