Қоғам • 01 Маусым, 2022

Қазақстанда бидай қоры жеткілікті

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бидай бағасы мен ұн қоры жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.



Қазақстанда бидай қоры жеткілікті

Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанның 15 сәуір мен 15 маусым аралығында бидай мен ұн экспортына квота енгізу туралы шешім қабылдағанын еске салды. Бидай квотасының көлемі 1 млн тонна, ұн шығаруға – 300 мың тонна белгіленген.

«Қазір бізде өндірушілер де, бидай өңдеушілер де балансқа келді. Сондықтан нарық тұрақты, жұмыс істеп жатырмыз. Біздің қорымыз жаңа егінге дейін жеткілікті», деді Ербол Қарашөкеев Үкіметте өткен брифингте.

Сонымен бірге Е. Қарашөкеев бидайдың әлемдік бағасының өсуіне байланысты ұн тапшылығы бола ма деген сұраққа жауап берді.

«Ұн тапшылығы жоқ және болмайды», деді министр.