Президент • 01 Маусым, 2022

Бұрынғы жетістіктерге марқайып отыруға болмайды – Президент

4267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық ғылым академиясының тарихы Қазақстан ғалымдарының әлеуеті қаншалықты зор екенін аңғартады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.



Бұрынғы жетістіктерге марқайып отыруға болмайды – Президент

«Бұл ұйым құрылған кезден бастап қоғамдық дамудың көш басында болды. Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Әбікен Бектұров, Ахмет Жұбанов, Әлкей Марғұлан, Шахмардан Есенов, Өмірзақ Сұлтанғазин, Мұрат Айтқожин, Әбдуәли Қайдаров және басқа да көптеген көрнекті тұлғалардың есімі Қазақстан тарихына алтын әріппен жазылды. Олардың әрқайсысы өз саласының асқар шыңын бағындырды. Қазба байлығымызды игеруге, өндірісті өркендетіп, экономиканы дамытуға, елді рухани жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосты», деді Президент.

Халықтың біртуар перзенттерінің еңбегі әрдайым есте болатынын, өскелең ұрпақ оларды үлгі-өнеге тұтатынын айтқан Мемлекет басшысы мұнымен тоқмейілсуге болмайтынын да еске салды.

«Бүгінде жас ғалымдарымыз сол алыптардың ізін басып, жолын жалғап келеді. Дегенмен, бір мәселені қаперде ұстау керек. Өмір бір орында тұрған жоқ. Күн санап өзгеріп жатқан қазіргі заманда бұрынғы жетістіктерге марқайып отыруға болмайды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.