Ғылым • 01 Маусым, 2022

Академиктерге стипендия беріледі

879 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөз сөйлеп, отандық ғылымның қазіргі әлеуеті жайлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Академиктерге стипендия беріледі

Мемлекет басшысы ғылыми қызметпен тікелей айналысатын академиктерге өмір бойы ай сайын стипендия беру мәселесі шешілетінін хабарлады.

«Біз халқымыздың біртуар перзенттерінің еңбегін әрдайым жадымызда сақтаймыз. Өскелең ұрпақ оларды үлгі-өнеге тұтады. Бүгінде жас ғалымдарымыз сол алыптардың ізін басып, жолын жалғап келеді. Дегенмен, бір мәселені қаперде ұстау керек. Өмір бір орында тұрған жоқ. Күн санап өзгеріп жатқан қазіргі заманда бұрынғы жетістіктерге марқайып отыруға болмайды. Жұрт ұйымға мүше болу рәсімдерін және оған үміткерлерді толығымен біліп отыруға тиіс. Мұның бәрі Академияның жұмысына тың серпін беріп, беделін арттырады. Сондай-ақ еліміздегі ғылым саласының тұрақты дамуына жол ашады», деді Президент.