Президент • 01 Маусым, 2022

Ұлттық ғылым академиясының мәртебесі көтеріледі

710 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Ұлттық ғылым академиясы ғылыми ой-тұжырым орталығына және сараптама жасайтын беделді мекемеге айналуға тиіс екенін айтты. Мемлекет басшысы бұл ойын академияның 75 жылдығына арналған салтанатты сессия барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.



Ұлттық ғылым академиясының мәртебесі көтеріледі

«Қара шаңырақтың рөлін арттыру аса маңызды. Сондықтан, оған мемлекеттік мәртебе береміз және бюджет есебінен қаржыландырамыз. Оның қазір атқарып отырған қызметінен басқа да міндеттерін нақты белгілеу қажет. Атап айтқанда, ғылыми басымдықтарды дәл осы құрылым айқындауы керек. Арнаулы гранттар, стипендиялар және сыйлықтар тағайындау құзыреті де Академияға берілгені жөн», деді Президент.

Осы ретте Мемлекет басшысы ғылымға адалдық мәселесіне баса назар аударды.

«Қазір қоғамда құр атақ үшін ғылыми дәреже алғысы келетіндердің бар екені жасырын емес. Бұл жағымсыз үрдіске айналып барады. Олар, шын мәнінде, ғылыми атаққа ие болғанымен, ғылым жолын жалғастырмайды. Соның кесірінен мемлекеттің қаншама қаражаты босқа кетеді. Бұған біржола тосқауыл қоятын кез келді. Біз ғылымға шынайы берілген азаматтарды ғана қолдауымыз қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.