Референдум-2022 • 01 Маусым, 2022

Жер – халықтың қазынасы

333 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келіп, республикалық референдум аясында Конституцияға енгізілетін түзетулер туралы баяндады.

Жер – халықтың қазынасы

ҚХП басшысын жұмыс кес­тесін алматылық партия­лас­­тар­мен кездесуден бас­тап, баян­да­масының негізгі тақы­ры­бын 5 маусымда өтетін рес­пуб­ли­ка­лық референдумға арнады. Ол Конс­титу­цияға өзгерістер мен то­лық­ты­ру­лар енгізуге байланысты мәсе­лелерді қозғады.

«Қазақстан Халық партиясы он сағаттық онлайн марафон ұйымдастырды, бұл – біз­дің партияның референдумды қолдауға қосқан үлесі. Жалпы ал­ғанда осы ай ішінде партия мүшелері референдумға байланысты ақпараттық-наси­хат жұмыстарын жүргізіп, өзге­ріс­тер мен толықтырулардың мәнін түсіндіріп, жан-жақты жұмыс істеді. Өңірлерді аралап, халықпен кездесулер өткіз­дік, сұрақтарға жауап беріп, бұ­қа­ралық ақпарат құралдарында, арнайы сайттар­да сөз сөйледік. Осы орайда конституциялық реформа мен ре­ферендумды жал­пы­халықтық қолдау жаңа сая­си бағдарымызды көрсетеді. Қа­зақ­стан жаңа белеске аяқ баса отырып, жер қой­науындағы мол қазынасының игі­лі­гін бірге көре­тін болады», деп атап өтті Е.Ертісбаев.

Партия төрағасы Президенттің Конституцияға «Жер және оның қойнауы мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі болуы керек» деген түзету енгізу туралы бастамасын қолдағанын мәлімдеді. «Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» нақты көрінісінің бірі. Мемлекет басшысы да осы басымдыққа назар аударып отыр», деді ол.

ҚХП мүшелері Конституцияға енгізілген барлық өзгерістердің еліміз үшін, Жаңа Қазақстанның қалыптасуы үшін маңызы зор екенін бірауыздан қолдап, пікір біл­дірді. Жиын барысында Е.Ертіс­ба­ев ҚХП-ның жаңа мү­ше­­­леріне партия билеттерін та­быс­­тап, партияның нығаюына, да­муына үлес қосады деген сенім біл­дірді.

 

АЛМАТЫ