Референдум • 02 Маусым, 2022

Студенттер шет қалмауы керек

217 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне мүше Сенат депутаттары Владимир Волков, Қанатбек Сафинов және Андрей Лукин Astana IT University активімен кездесті.

Студенттер шет қалмауы керек

Оқу ордасының ұжымы мен сту­денттерімен кездесу ба­ры­­сын­да депутаттар респуб­ли­ка­лық референдумның ма­ңы­зы және Конституцияға енгі­зу­ге ұсы­нылған өзгерістер мен то­лық­тырулар туралы қатысу­шы­ларға айтып берді.

«Жаңғыру реформаларын іске асыруда және мемлекетті одан әрі дамытуда жас ұрпақ рө­лі­нің маңызы аса зор. 27 жыл ішін­де өлім жазасына алғаш рет то­лықтай тыйым салу, Консти­ту­циялық сот құ­ру, мәжбүрлі еңбек мәсе­ле­лерін реттеу және басқа да мем­лекеттегі маңыз­ды мә­се­лелер Қазақстан азамат­та­ры­ның пікірін ескере отырып ше­шілетін болады», деді комитет төрағасы Владимир Волков.

Комитет хатшысы Қанатбек Сафинов жерге меншік­ құ­қы­ғы­на қатысты түзету туралы кез­десуге қатысушыларды ха­­бар­дар етті және басқа да ұсы­нылып отырған өзгерістер қа­зақ­­стандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағыт­тал­ға­нын атап өтті.

«Референдум – бұл консти­туция­лық құқығыңды өз бола­ша­­ғыңды таңдауға пайда­ла­нудың мүмкіндігі. Сіздер, жас азаматтар үшін рефе­рен­­думға қатысу тарихи оқиға», деп атап өтті сенатор Андрей Лукин.

Сенаторлар кездесу қоры­тын­дысы бойынша алдағы ре­фе­­рен­думға ғана емес, жүргі­зі­ліп жатқан реформаларға да белсенді қатысуға шақыр­ды және университет студент­те­рі­нің сұрақтарына жауап берді.

Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова елордалық медици­на университетінің студент­те­рі­мен және ұжымымен кездесіп, болашақ дәрігерлермен бірге Ко­нс­титуцияға енгізілетін түзе­ту­­лерді талқылады.

Сенатор кездесуге қатысу­шы­лар­ға Конституцияға ен­гі­зі­летін өзгерістер мен то­лық­тырулар туралы айтып, алда­ғы референдумды өткізу мәсе­ле­ле­рін талқылады.

«Конституцияға енгізу көз­де­ліп отырған өзгерістер Қа­зақ­­станда тарихи оқиға және ел азаматтарының көп жыл­­ғы талаптары болып отыр. Осы­ған байланысты халықтың мем­ле­кет­ті басқаруға тікелей қаты­суына әкелетін өзгерістер өте көп», деді Ақмарал Әлна­за­рова.

Ол сонымен қатар меди­ци­налық сала қызметкерлері мен студент жастардың рефе­рендумға белсенді қатысуы­ның маңыздылығын атап өтіп, жүр­гізіліп жатқан Консти­ту­ция­лық реформада көтерілген мәсе­лелердің зор ауқымына қаты­су­шылардың назарын аударды.

Университет студенттері мен оқы­тушылары өз кезегінде рес­пуб­ликалық референдумға қа­тысуға дайын екендіктерін біл­діріп, Конституцияға енгізі­ле­тін түзетулерді қолдай­тын­да­рын айтты.