Аймақтар • 02 Маусым, 2022

Күркетауық өсіруді қолға алды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау ауданына қарасты Жармыш ауылының тұрғыны Мағауия Нұрғазиев құс өнімдерін өндіруді қолға алды.

Күркетауық өсіруді қолға алды

Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Мағауия Нұрғазиев бес жылдан бері жеке тұрғын үйінің 200 шаршы метр аумағына жеміс ағашы мен көкөніс өсірген. Биылдан бастап құс шаруашылығы кәсібін қолға алды. Бүгінде ол 100-ге жуық балапан бағып отыр. 10 шақты күр­кетауықтан күніне 10-15 жұ­мырт­қа алады. Сонымен қатар «Це­зарка», «Адлер», «Күркетауық» жұмыртқаларын инкубаторда кө­бейтуде.

– Құс өсірудің өзіндік әдіс-тәсілі бар. Жұмыртқа алдымен арнайы инкубаторға салынады. Оның ылғалдылығы мен жылуын қадағалап отыру қажет. Әр күн сайын жылу көрсеткішін кө­бейтіп, ылғалдылығын сақтап отырамын. Белгілі бір күннен кейін инкубаторды желдетіп, сол аралықта жұмыртқаның бала­панға айналуын тексеремін. Егер тамырланбаса, онда оны әрі қа­рай инкубаторда сақтаудың қажет­тілігі жоқ. Инкубатордан шық­қан соң арнайы орынға балапан­дарды орналастырамын. Ол жерге жарығы, жылуы, суы мен жемі уақытпен және өлшеммен беріледі. Күркетауықтың шөбі мен жемі бөлек болады. Қарапайым тауықтар секілді кез келген жемді жемейді. Сондықтан әр тауықтың бабы әр бөлек, – дейді Мағауия Нұрғазиев.

Тауықты қолдан өсіріп, оны көбейтіп, еті мен жұмыртқасын сатуды көздеген Мағауия алдағы уақытта «Павлин» құсын да өсіріп, құс еті мен жұмыртқасын аудан көлемінде дамытқысы келеді.

 

Маңғыстау облысы