Референдум-2022 • 02 Маусым, 2022

Референдум: Атырау облысында дауыс беретін 400 мыңға жуық адам тіркелді

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында республикалық референдумда дауыс беретін 396 923 адам тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум: Атырау облысында дауыс беретін 400 мыңға жуық адам тіркелді

Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәліметіне сүйенсек, өңірде 9 аумақтық, 261 учаскелік референдум комиссиясы құрылған. Комиссиялар құрамында 1 968 мүше бар.

«Облыста республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 396 923 азамат тіркелді. Олар 261 референдум учаскесінде дауыс береді. Ал ауруханалар, уақытша қамау орындары мен әскери бөлімшелерде 11 жабық учаске ашылды. Біркелкі нысанда азаматтарға хабарландырулар жасалып, олардың мекенжайларына таратылды. Дауыс беру орны мен уақыты туралы ақпараттар, азаматтардың өз учаскелерін іздеу жөніндегі қызметтер комиссиялардың atyrau.gov.kz интернет-парақшасында орналастырылды», деп хабарлады аумақтық референдум комиссиясынан.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасауға назар аударылған. Мәселен, қазір 255 референдум учаскесінде пандус бар. Барлық учаске тактильдік белгілер, көз жанарында ақауы бар адамдарға аудионұсқаны тыңдағаннан кейін өзі бюллетеньді толтыру үшін трафареттермен қамтамасыз етілген.

«Атырау қаласы мен аудандар орталықтарында 39 инватакси қызметі ұйымдастырылады. Әлеуметтік қорғау органдары арқылы 12 сурдоаудармашыны тарту көзделіп отыр. Вахталық әдіспен жұмыс істейтіндердің дауыс беруін ұйымдастыру үшін шаралар қабылданды. Бұл жұмыстарға 43 учаскелік комиссия тартылады. Вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер Атырау қаласында, Жылыой, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Мақат аудандарында бар»,  деп мәлім етті аумақтық референдум комиссиясынан.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар