Қазақстан • 02 Маусым, 2022

Аида Балаева «БҰҰ-әйелдер» жаһандық құрылымы директорының орынбасарымен кездесті

272 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Аида Балаева «БҰҰ-әйелдер» жаһандық құрылымы Атқарушы Директорының орынбасары Анита Бхатиямен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева «БҰҰ-әйелдер» жаһандық құрылымы директорының орынбасарымен кездесті

Кездесу барысында Қазақстанның БҰҰ-әйелдер құрылымымен ынтымақтастығының бірқатар өзекті мәселелері талқыланды. Ұлттық комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы мен БҰҰ-әйелдер құрылымы ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтті. Гендерлік теңдікке қол жеткізу, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша жобаларды іске асыруға БҰҰ-әйелдер елдік кеңсесінің белсенді қатысуы осы салаларда айтарлықтай табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Аида Балаева БҰҰ-әйелдер құрылымы ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның негізгі стратегиялық әріптесі екенін, онымен бірлесіп бірқатар жобалар мен зерттеулер табысты іске асқанын атап өтті.

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» көпсалалы пилоттық жобасын іске асыруға, барлық өңірлерде әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталықтарын ашуға, бюджетті гендерлік-бағдарланған қалыптастыруды енгізу жөніндегі жобаларға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әйелдердің тең құқылы қатысуы жөніндегі қарарларын іске асыру, әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту саласында тәжірибе алмасу үшін білім платформасын құру, іс-қимыл Коалициялары жөніндегі жаһандық бастама және Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Spotlight Initiative өңірлік бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның міндеттемелерін іске асыруға жәрдемдесу мәселелерінде әйелдердің жоғары үлесі мен күш-жігері атап өтілді.

Тараптар ынтымақтастықтың қазіргі даму қарқынына қанағаттанатындықтарын білдіріп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Қазақстанда аймақтық Гендерлік білім орталығын құру мүмкіндігіне ерекше назар аударылды. Орталықтың ашылуы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, Орталық Азиядағы әйелдердің болашағын, жағдайын және қажеттіліктерін талдау үшін қажетті тәжірибені мен ресурстарды аймақта таратуға ықпал етеді.

Отырыс соңында Ұлттық комиссия төрағасы А.Г.Балаева Бхатия ханымға және Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Мария Доценко ханымға жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, Қазақстан әйелдердің құқықтарын кеңейту бойынша алға қойылған мақсаттарды әрі қарай да ұстанатыны және бірлескен жобалар мен бастамаларды қолдайтыны туралы сендірді.