20 Сәуір, 2014

«Алматы-Атырау» жолаушылар пойызы апатында адам шығыны жоқ

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

00-00-poezd-1

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 19 сәуір күні 17 сағат 48 минутта Атырау темір жол бөлімшесінің Сағыз-Мақат учаскесінде №41 «Алматы-Атырау» бағытындағы жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, 12 вагон рельстен шығып кеткен еді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. «Оқиға болған жерде жолаушыларды эвакуация жасау үшін автокөлікер мен қосымша жолаушылар вагондары берілді», - делінген хабарламада. Сағат 22:00-де 250 жолаушы Мақат кентіне жеткізілді. Қалғандары 24:00 сағатқа қарай әкелінді. Атырау облысы әкімдігінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің араласуларымен зардап шеккендерге жәрдем жасалды. Құрбандықтар жоқ.и Қазір Ұлттық темір жол компаниясы аталмыш жол учаскесіндегі жағдайды дұрыстап, қозғалыстың қалпына келуі жолындағы барлық жұмыстарды сол бойда бастап кетті. Сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ құрған арнайы комиссия апаттың орын алу себебін тексеруге де кірісті. Оқиға Сағыз-Мақат учаскесінің Мұқыр-Жантерек бөлігінде орын алған. Апат болған кезде жолаушылар пойызында 495 адам болған. Жолаушылар пойыздарының кешігулеріне байланысты барлық сұрақтарды Астанадағы мына телефонға хабарласу арқылы білуге болады: 8 7172 600 132. Апаттың орын алуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.