20 Сәуір, 2014

Қызылорда облысында балық аулаушы суға кетіп қалды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

00-00-reka_syrdaria-1

Қызылорда облысында балық аулап отырған адам суға кетіп қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қайғылы оқиға 18 сәуір күні сағат 18:30-да Арал ауданындағы теңізге жақын Ақшақат деген жерінде орын алған. Министрліктің мәліметіне қарағанда, осы маңда балық аулап отырған 1992 жылы туған С.Тілесов есімді деген азамат суға кеткен. Марқұмның денесі 19 сәуір күні табылып, судан шығарыоып алынған. «19 сәуір күні Астана уақытымен 19.30-да Қазақстан ТЖМ Қызылорда облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің күшімен (жеке құрамның төрт адамы және бір техника бірлігі) суға кеткен адамның денесі табылып, дариядан шығарылд», - делінген хабарламада Ведомствоның деректері бойынша 19 сәуірде Қазақстанда тағы бір төтенше жағдай орын алыпты. Аатап айтқанда, Алматы қаласындағы Құрманғазы көшесінде жаңадан салынып жатқан нысан құрылысында («Роял» ТҮК) сағат 11:39-да әСазтөбе цемент» ЖШС жұмысшысы, 1993 жылы туған Н.Оразбаев екінші қабат биіктігінен құлап, ауруханаға жеткізілген. Мұрат Айтқожа. Дерекккөз: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Фото: baq.kz.