Қоғам • 03 Маусым, 2022

Әйелдерді діни экстремизмнен сақтандырды

148 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында биылғы жылдың 23-27 мамырында Шымкент қаласында әйелдер арасында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қазақстандық қоғамның дәстүрлі мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни-ағартушылық жұмысты ұйымдастыру, сонымен қатар дін жолындағы әйелдер арасында діни экстремизмнің таралуының алдын алуға бағытталған рухани-ағарту жұмысын ұйымдастыру аясында жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шара мен кездесу өткізілді.

Әйелдерді діни экстремизмнен сақтандырды

Аталған кездесулерге РАТТ мү­ше­лері – теологтер, дінтанушылар Т.Қожахметова, Д.Нұрғалиева, А.Дүй­сенбаева, Г.Шетенова,  Ш.Әділ­баева қа­тысты.

РАТТ мүшелерінің Шымкент қала­сының «Әл-Біләл», «Амоли Солих», «Қаттани» мешіттеріндегі діндар әйелдермен, М.Әуезов атындағы уни­вер­ситеттің, Оңтүстік Қазақстан мем­лекеттік педагогикалық университе­тінің, Шымкент қаласындағы жоғары медициналық колледждің, «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжінің студенттерімен, «Әйел-қыздар» секто­ры­ның, Шымкент қаласының дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топта­рының мүшелерімен және «Жу­сан» операциясының нәтижесінде елге оралған әйелдермен кездесулері ұйым­дастырылды.

Өткізілген іс-шараларда тұрғындар­ға Қазақстанда тұратын барлық кон­фес­сия мен этностың бейбіт өзара іс-қимылымен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығын түсіндіруге бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мән-маңызы туралы ақпарат берілді.

Сарапшылар діннің рухани-адам­гершілік тәрбие беру мәселелеріне, қазіргі қазақстандық қоғамдағы әйел­дер­дің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін арт­­ты­руғ­а, сондай-ақ деструктивті діни ағым­дардың теріс әсеріне қарсы тұру шара­ларына ерекше назар аударды. Қоғам­да орын алып жатқан жағдайлар мен оқиғалар кеңінен түсіндіріліп, адам­дар­дың діни тұрғыдан сергек болуы керек екені айтылды. Тыңдаушылар тарапынан көптеген сұрақ қойылып, оларға РАТТ мүшелері тиісінше жауап берді.

Ақпараттық-түсіндіру топтарының белсенді жұмысы халықтың рухани жаңғыруына ықпалын тигізетіні анық.

 

Талғат АХЫМБЕТОВ,

«Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

ШЫМКЕНТ