20 Сәуір, 2014

Семинар ұлттық ат спорты ойындарына арналды (фото, видео)

670 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін, 20 сәуір күні  Астана қаласының іргесіндегі «Балқарағай» демалыс орталығында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен «Наурыз - ұлт құндылықтарының бастауы» атты мерекелік іс-шара болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Шара аясында «Ұлттық ат спорты ойындарының теориялық және методикалық мәні» тақырыбында семинар-кеңес те өткізілді. Онда тарих ғылымдарының докторы Елемес Әлімхан (әл-Фараби ат.ҚазҰУ), Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының профессоры Ахмет Тоқтыбай («Ұлттық спорт ойындарының шығу тарихы»), «Ботай» қорығының авторы Виктор Зайберт («Археологиялық қазбалардағы ат спортының көне тарихы»), «Қазақ тұлпары» ЖШС директоры Нәбидолла Кикебаев («Ұлттық спортқа қажетті өз тұлпарларымыздың тұқымын шығару жолдары») баяндама жасады. Мерекеде ұлттық спорт түрлерінің көрсетілімі мен ұлттық өнімдерге арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Онда қазақтың қолөнері, ұлттық тағам түрлері, бес қару, ат әбзелдері, саятшылық құрал-жабдықтары, зергерлік,  тұрмыстық бұйымдар, фотокөрме ұсынылды. Шара барысында жиналған жұртшылық үшін сондай-ақ мерекелік концерт қойылып,  «Аударыспақ», «Көкпар», «Теңге ілу», «Жамбы ату» секілді ұлттық спорт ойындар түрлері көрсетілді. Серікқазы Кәкібаланов. Дереккөз: egemen.kz. Фото, видео: egemen.kz.   140420-us-01 140420-us-02 140420-us-03 140420-us-04 140420-us-05 140420-us-06 140420-us-07 140420-us-08 140420-us-09 140420-us-11 140420-us-12 140420-us-13 140420-us-14 140420-us-15140420-us-16