Аймақтар • 03 Маусым, 2022

Баянауыл ұлттық паркі өртеніп жатыр

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысындағы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде шыққан өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Баянауыл ұлттық паркі өртеніп жатыр

«2 маусым күні сағат 12.10-да Баянауыл ауданында МҰТП аумағында Жасыбай орман шаруашылығы 17 орам, 32 учаске және Баянауыл орман шаруашылығы шекарасында құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт Тақыр тау сияқты жету қиын жерлерде болған. Сонымен қатар сөндіру жұмыстарына қатты жел бөгет болып отыр», дейді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қайрат Шаймарденов.

Қызыл жалын шамамен 10 гектар алқапқа таралған. Өртті сөндіруге 40-қа жуық техника мен 100-ден астам адам жұмылдырылды. Сондай-ақ әкімдік жіберген 30 адам бақылау күзетінде тұр. 

Кеше басталған өрттің беті қайтқанымен зардаптарын жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Өрттің шығу себептері, жалпы аумағы мен келтірілген шығын көлемі әлі анықталған жоқ.

Салтанат Кенжебай