Теннис • 03 Маусым, 2022

Жібек Құламбаева Италиядағы жарыстың финалына шықты

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Брешия (Италия) ITF W 60 жарысының финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жібек Құламбаева Италиядағы жарыстың финалына шықты

Қазақстандық теннисші латвиялық Диана Марцинкевичпен бірге жартылай финалда осы турнирдің үшінші ракеткалары, румыниялық Андрея Пришакариу - италиялық Камилла Розателломен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-латвиялық жұп бірінші партияда айқын басымдылық көрсетті - 6:2. Екінші сетте қарқынын тіпті үдетті - 6:1. Матч бір сағат 18 минутқа созылды.

Ж.Құламбаева мен Д.Марцинкевич финалда италиялықтар Нурия Бранкаччио - Лиза Пигато немесе швециялық Юлита Санер - болгариялық Юлия Пержийска жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

 

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20