Елорда • 03 Маусым, 2022

Референдум күні елордада қоғамдық көлік тегін жүреді

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 маусым (жексенбі), яғни референдум өтетін күні елордада қоғамдық көлік тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz  қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Референдум күні елордада қоғамдық көлік тегін жүреді

Тегін жол жүру қала маңына қатынайтын маршруттарға да қолданылады. Автобустар әдеттегідей сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап кәмелетке толмағандар үшін қоғамдық көлікте тегін жүру жүйесі енгізілген.

Бұл шешім қала маңында тұратын балаларға да қатысты.

Осылайша, кәмелетке толмағандар үшін тегін жол жүру басталған бері 34 миллионға жуық сапар жасалды.