Референдум • 05 Маусым, 2022

Бүгін еліміз өзінің болашағын айқындайды - Ерболат Досаев

880 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін еліміз өзінің болашағын айқындайды - Ерболат Досаев

Сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып Алматы қаласының басшысы жұбайымен бірге келді. Олар Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейде орналасқан №358 референдум учаскесінде дауыс берді.

«Бүгін біздің мемлекетіміз үшін және оның азаматы ретінде мен үшін өте маңызды күн. Бүгін еліміз өзінің болашағын айқындайды. Мен сайлау учаскесіне еліміздің болашағы, мемлекеттің бейбітшілігі мен гүлденуі, Алматы мен қала тұрғындарының бірлік-берекесі үшін дауыс беруге келдім», деді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша жалпыұлттық референдум өтіп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10