Аймақтар • 05 Маусым, 2022

Шекара қызметінің ұжымы дауыс берді

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі жалпыұлттық референдумда Түпқараған ауданының тұрғындары өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шекара қызметінің ұжымы дауыс берді

Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, таңғы 7:00-ден бастап сайлау учаскелеріне келгендер қарасы қалың.

Олардың қатарында ауызбіршілігі жарасқан, саяси науқаннан шет қалмаған Қазақстан Республикасы ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша №2 жағалау күзетінің бақылау тобының ұжымы да бар.