«Біз бүгін сағат 7-ден бастап сайлау учаскелерінде болдық. Сағат 11-ге дейін 9 референдум учаскесін аралап көрдік. Бұдан кейін де жұмысымызды жалғастырамыз. Қазіргі таңда халықтың референдумға деген қызығушылығы жоғары деп ойлаймыз. Біз бұған куә болып, байқап отырмыз. Одан бөлек, сайлау учаскелерінде Exit Poll топтарын, басқа ұйымдардың бақылау мүшелерін де көрдік. Біздің ойымызша, Орталық сайлау комиссиясы және Қазақстан Республикасының басқа да уәкілетті мемлекеттік ұйымдары барлық нормалардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуде», деді Ф.Маджидли Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ ол Халықаралық Түркі академиясының түркі әлеміндегі гуманитарлық және ғылыми ынтымақтастықты үйлестіретінін атап өтті.
«Осы себепті мен түркі әлемінің академиялық қауымдастығы Қазақстандағы референдумды жоғары қызығушылықпен бақылап отыратынын айта аламын. Қазіргі геосаяси тұрақсыздық кезінде Түркі елдерінің бірлігі мен ынтымақтастығы өте мықты болуы керек деп санаймыз. Біз бақылау миссиямызды күні бойы жалғастырамыз және Қазақстанда тұрақты жағдайды көреміз деп үміттенеміз», деді Ф.Маджидли.