Референдум • 05 Маусым, 2022

18-39 жастағы сайлаушылардың белсенділігі артып келеді

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіз бақылаушылар оңтүстік астанада сайлаудың ертемен қалай басталып, қандай қарқын алып жатқандығы туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

18-39 жастағы сайлаушылардың белсенділігі артып келеді

Таңертемен сайлау учаскесіне егде жастағы қала тұрғындары бірінші болып дауыс берсе, түске жақын жастар мен жас отбасылар келіп дауыс бере бастады. «Азаматтық бастамалар орталығы» штабының жетекшісі Б.Кудышева, штаб мүшелері С.Алпысова, Ж.Тәжібаев қаладағы сайлау учаскелерінде алғашқы келген, 100-ші сайлаушыға, т.б. акциялар қарастырылғанын атап өтті. Ал сайлау учаскелеріне келе алмайтындар үшін бақылаушылар үйлеріне барып, дауыс беруге көмек беруде. Сонымен бірге алғаш рет дауыс бергендер бар және құжатын ұмытып кететін жағдайлар да кездесуде. Бұл жағдайды да бақылаушылар назарда ұстап отыр.   

Қазіргі сәтте белсенділік артып келеді. Әсіресе 18-39 жасқа дейінгі жастар белсенділік танытуда. Жанұясымен оншақты адам болып келіп жатқандар бар. Тәуелсіз бақылаушылар атап өткендей, бұл қала жұртшылығының ел ертеңіне бей-жай қарамайтындығын көрсетеді. Негізі міндет, қала халқы үшін мейрамға айналған күнінде оларға тиянақты, сапалы қызмет көрсету. Бақылаушы қоғамдық ұйымдардың міндеті Жаңа Қазақстанға дауыс берудің әділ етуін бақылау. Дауыс беру барысында бір кабинаға екіден кіріп алған жағдайлар, кабиналардың бірнеше адамның тасасын көрінбей қалу жағдайлары кездесті.

Ескеретін маңызды мәселе, сайлаушылардың құқықтық мәдениетіне назар аудару. Салыстырмалы түрде алғанда елімізде бақылаушылардың да, сайлаушылардың да белсенділігі артып келеді. Бақылаушылар кері байланысқа шығып, сайлау барысынан хабардар етіп, ой-пікірлерін ашық білдіруде.