Михаил Лебединскийдің айтуынша, ресейлік байқаушылар бірнеше сайлау учаскелерін аралады, оның ішінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқыған № 25 мектеп-гимназиясында да болды.
Ресейлік байқаушы атап өткендей, өзі сөйлесіп үлгерген алматылықтар Конституцияға қандай түзетулер енгізіп жатқанын біледі және оны жаңа Қазақстанның іргетасының мандаты деп қабылдайды.
«Жоғары ұйымшылдықты, сосын халықтың бойындағы сенімді айтып өткім келеді», деп атап өтті В.Лебеденский.
Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Ел бойынша сайлау учаскелері 5 маусым күні таңғы сағат 7:00-де ашылды. 20:00-ге дейін дауыс беруге болады.