Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Бельгиядағы қазақстандықтар дауыс бере бастады

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Брюссельде ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум күні Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі жанында ұйымдастырылған №241 дауыс беру учаскесі жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бельгиядағы қазақстандықтар дауыс бере бастады

Сайлау учаскесі Брюссель уақытымен таңғы сағат 7-де ашылды. Дауыс беру сайлау заңнамасында белгіленген тәртіппен басталды.

Бельгия мен Люксембургте тұрақты тұратын немесе осы елдерде уақытша жүрген қазақстандықтар дауыс беру үшін көрсетілген мекенжайға келе алады: Брюссель қаласы, Уккель коммунасы, Ван Бевер авеню, 30-үй.

Брюссель сайлау учаскесі 200 қазақстандық сайлаушыны қабылдауды жоспарлап отыр. Олардың арасында қазақстандық дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері, еуропалық институттар жанында тіркелген журналистер, шығармашылық интеллигенция, ғылыми қоғамдастық, бизнес және студент жастар өкілдері.

Сайлау туралы заңнамаға сәйкес, Брюссельде дауыс беру Орталық Еуропа уақытымен 20:00-ге дейін өтеді.