Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Алғаш рет дауыс берген студентке тәтті тарту жасалды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемендегі сайлау учаскелері таңғы сағат жетілерде ашылды. №79 учаскеде дауыс бергендер арасында алғаш рет дауыс беруге келіп тұрған Балжан Оралбек те бар деп жазады Egemen.kz

Алғаш рет дауыс берген студентке тәтті тарту жасалды

«Мен Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің бірінші курс студентімін. Бүгін бірінші рет дауыс беруге бардым. Мен ел азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Өйткені Ата Заңымызға енгізілетін түзетулер мен толықтыруларда халықтың мүддесі жатыр. Әрі бұл жаңа Қазақстанды қалыптастырудың алғышарттары деп білемін. Сондықтан, барша халықты дауыс беруге, дұрыс таңдау жасауға шақырамын» дейді студент.