22 Сәуір, 2014

Қазақстан үлесіне үміт білдірілген хат

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Өз хатында ХОК басшысы Қа­зақстан Президентіне Олимпиада қозғалысын белсенді қолдағаны үшін алғыс айтқан. Т.Бах Олимпия ойындары ко­ман­даларға әділ бәсеке, толеран­т­­­тылық және қандай да бір кем­сі­тушіліксіз өзара құрмет ру­хында жарысуға мүмкіндік туғы­за­тынын атап өткен. Осының бәрі бүкіл әлемге айқын жолдау болып саналады. Хат соңында ХОК басшысы бей­бітшілікті спорт арқылы ны­ғай­ту идеясын әрі қарай жүзеге асыру ісіне Қазақстан өз үлесін қосатындығына үміт білдірген.