Референдум-2022 • 06 Маусым, 2022

Жан аямай жұмыс істеу керек

752 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін еліміз үшін маңызды күн – референдумда дауыс беру әр қазақ­стандықтың борышы болуға тиіс. Мен Қазақстанды әлемдегі ең тұрақты ел­дің бірі санаймын.

Жан аямай жұмыс істеу керек

Біздің қазіргі Пре­зи­­дентіміз барлық күш-жігерін елдің да­­муына жұмсайды деп сенемін. Жас­тарымыз жұмыс істеуі керек, өз күш­терін, білімі мен ақыл-ойын мемлекеттің игілігіне жұмсауы қажет. Өйткені өмі­рі­міздің ең жарқын жылдарын қолы­мыздан келгенше ел игілігі мен өнерінің өркендеуі жолына жұмсадық, ал ендігі жерде біздің орнымызды басатын – жас­тар. Қазір біз тек даму үшін ғана емес, бас­­­қа мемлекеттермен бәсекеге түсе ала­­тын қуатты республика мәртебесіне же­ту үшін де жан аямай жұмыс істеуіміз керек.

 

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА,

КСРО-ның халық әртісі