Құрамында Сарвиноз Мирқадырова, Ангелина Романовская, Әнел Бақыт және Алиса Цвигун сынды ойыншылары бар жерлестеріміз қарсыластарының барлығын қапы қалдырып, финалда Өзбекстанның бұрымдыларымен шеберлік байқасты. Бұл бәсеке де біздің қыздардың пайдасына шешілді. Үшінші орында – Иран. Жарысты жоғары қарқында өткізген ұлдарымыз да бірқатар белді команданы жолынан ығыстырды. Бірақ ақтық сында Иранға әліміз жетпей, күміс медальды қанағат тұттық. Бұл додада Қазақ елі намысын Алан Құрманғалиев, Ескендір Харки, Санжар Жұбанов және Сағантай Құрмамбаев сынды сайыпқырандар қорғады. Үшінші орынды өзбектер иеленді.
Осылайша, биыл күзде Лаоста жалауы желбірейтін жас өрендердің құрлық біріншілігінде Орталық Азия аймағынан Қазақстан (ұлдар мен қыздар), Иран (ұлдар) және Өзбекстан (қыздар) құрамалары өнер көрсетеді.