Қазақстан • 06 Маусым, 2022

Бір ай ішінде полицияға мыңнан астам қару тапсырылды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек бір ай ішінде полицияға 1192 бірлік атыс қаруы тапсырылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бір ай ішінде полицияға мыңнан астам қару тапсырылды

«ІІМ халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу жөніндегі республикалық акцияны жалғастыруда. Қару-жарақты өз еркімен тапсырғаны үшін жай-күйіне байланысты қарудың әрбір бірлігі үшін 10-нан 100-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш сомасында төлем көзделеді», дейді ІІМ өкілі.

Оның айтуынша, акция өткізілген айда полицияға 1192 дана атыс қаруы өз еркімен тапсырылған.

«Өткізілген қарудың ішінде 1 автоматты ойық, 179 ойық ұзын ұңғылы, 4 ойық қысқа ұңғылы, 996 тегіс ұңғылы, 12 травматикалық, 5 жарылғыш құрылғы және шамамен 9,5 мың ойық ұңғылы қарудың патрондары бар», деді Ш. Тұрлыбек.

Ол қару-жарақ заттарын қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізілетінін еске салды. Жарақаттың алдын алу үшін ІІМ-де жарылғыш материалдар мен оқ-дәрілермен ешқандай әрекет жасамау ұсынылады.

Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.