Тағайындау • 06 Маусым, 2022

Қарағанды облысының бас дәрігері тағайындалды

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып  Қалдыбек Исмаилов тағайындалды, деп жазады Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысының бас дәрігері тағайындалды

Қалдыбек Исмаилов 1973 жылы дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетін, ал 2014 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын «менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады және 2020 жылы «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» мамандығы бойынша MBA магистрлігін бітірді.

Еңбек жолын 1997 жылы Қарағанды қаласындағы «Фтизиатрия» ОБ-ның өкпе-хирургиялық бөлімшесінде хирург болып бастаған.

2012 жылдан бастап Жезқазған қалалық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері болды. Одан кейін Теміртау қалалық туберкулезге қарсы диспансерінің директоры, Қарағанды облыстық туберкулезге қарсы диспансері директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2017 жылдан 2018 жылға дейін Алматы қаласындағы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының емдеу жөніндегі үйлестірушісі, директордың орынбасары болды.

2018 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облыстық фтизиопульмонология орталығын басқарды.