Экономика • 06 Маусым, 2022

Үндістан бидай экспортына тыйым салды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 мамырда Үндістан бидай экспортына тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC.com-ға сілтеме жасап.

Үндістан бидай экспортына тыйым салды

Бидай экспортына шектеу ыстық ауа райының бидай егініне әсер етуіне байланысты жасалған. Үндістан ірі бидай экспорттаушы болмаса да, бұл қадам әлемдік нарықты алаңдатып отыр. Үндістанның Сауда министрі Пиюш Гойалдың айтуынша, экспортқа тыйым салу әлемдік нарыққа әсер етпеу керек. Өйткені Үндістан бидайдың негізгі экспорттаушысы емес.

Аталған елде бидайдың кейбір түрлерінің бағасы бірнеше күн бойы көтеріліп, 17-18 мамырда шарықтау шегіне жеткен.

«Үндістандағы шектеу бағаның одан әрі өсуіне әкелді. Өйткені жаһандық сатып алушылар Қара теңіз аймағынан экспорт төмендегеннен кейін Үндістанға тәуелді болды», деді Gro Intelligence ауылшаруашылық деректерін зерттеу тобының қызметкері Келли Гофари.

Үндістан бидай өндіру бойынша дүниежүзінде екінші орында. Шектеу жарияланғанға дейін аталған ел экспортты ұлғайтуды көздеп, биыл рекордтық деңгейде 10 миллион тонна бидай жөнелтті. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 2 миллион тоннаға көп.

Гүлдана Елубай