![Калифорниялық заңгерлер суды үнемдеу жолын қарастырып жатыр](/media/2022/06/06/crop-5_8_551x987_kol.jpg)
Енді штат билігі салық төлеушілердің ақшасына фермерлердің «су құқықтарын» сатып алуға бел буып отыр. Бұған олар 1,5 миллиард АҚШ долларын жұмсамақ. Егер шенеуніктер бұл құқыққа ие болса, ағын суды үнемдеп қана қоймай, сол өзен мен ағыстардағы өсімдік пен балық түрлерін де жойылып кету қаупінен сақтайды.
Айта кетейік, Калифорния соңғы жиырма жылда құрғақшылыққа ұшырады. Сондықтан бұл жоба штаттың күрделі су жүйесін және оны ерекше құрғақ кезеңдерде тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Деректерге сүйенсек, қазір штаттың 98%-ға жуығы қатты құрғақшылық жағдайында. Өйткені Калифорнияда жаз айларына жауын-шашын өте сирек болады. Мұндай кезеңдерде көптеген аудандарда жергілікті билік тұрғындардың суды пайдалануына шектеу қояды.
Заң бойынша Калифорниядағы су көздері үкіметтің меншігі. Бірақ фермерлердің ауыл шаруашылығына су алуға мүмкіндік беретін «Су құқығы» бар. Фермерлер бұл құқықты Калифорнияның Орталық аңғарын көгалдандыру жобасы аясында пайдаланады.
Гүлдана Елубай