ANTIKOR • 06 Маусым, 2022

Кәсіпкерлерден пара алған Екібастұз әкімінің орынбасары сотталды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы 6 маусымда Екібастұз қалалық соты қала әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке және оның қарамағындағы ТКШ бөлімі басшысының орынбасары А.Садықов пен сол бөлімнің бас маманы К. Түсіпбековке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпкерлерден пара алған Екібастұз әкімінің орынбасары сотталды

«Жоғарыда аталған адамдар мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деп айыпталды», делінген ANTIKOR хабарламасында.

Сот үкімімен Бауыржан Ахметовке 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, Түсіпбеков пен Садықов 7 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Екібастұз қаласының әкімі А.А.Қаңтарбаевтың тікелей басшы ретіндегі жауапкершілігі туралы мәселе «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 60-бабының 2-тармағына сәйкес айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қаралатын болады.