Спорт • 07 Маусым, 2022

Надальдың тарихи жеңісі

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Париждегі «Ролан Гар­рос» турнирінің финалдық сайысы испа­ния­лық Рафаэль Надаль мен нор­вег­иялық Каспер Рууд арасында өтіп, ал­ғаш­­қы­сы­ның айқын жеңісімен аяқталды.  

Надальдың тарихи жеңісі

Пиреней түбегі тарланының атағы алыс­қа жайылғанын барша жұрт жақсы біледі. Рууд та осал емес еді. Қазіргі кезде әлемнің сегі­зінші ракеткасы атанып отырған 23 жас­тағы скандинавиялық сайыпқыран АТР турнирлерінде сегіз рет топ жарған. Бірақ «Грунт королі» атанған саңлаққа оның әлі жетпеді. 2 сағат 18 минутқа созылған финалдық бәсекеде Надаль қарсыласын 6:3, 6:3, 6:0 есе­бімен ойсырата ұтты. Осылайша, ол өзінің туған кү­ніне тамаша сый жасап, «Ролан Гаррос­тың» 14 дүркін чемпионы атанды. Естеріңізге сала кетейік, «Рафа» 3 маусымда 36 жасқа толды.

Одан бөлек Испанияның мақтанышы US open додасын – төрт, Аустралияның ашық біріншілігі мен Уимблдонды – екі реттен ұтты. «Үлкен дулыға» санатындағы жарыс­тардағы жеңістерінің жалпы саны – 22! Дәл осындай табысымен бірде-бір теннисші мақ­тана алмайды.  

Соңғы жаңалықтар