Ел және Елбасы • 07 Маусым, 2022

«Air Astana» Ресейдегі ұшақтарына техникалық қызмет көрсетуді тоқтатты

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік тұтынушылармен және жеткізушілермен келісім-шарттар тоқтатылды. Енді авиакомпания Нұр-Сұлтан әуежайындағы өз базасында техникалық қызмет көрсетуді өз бетінше жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Air Astana» Ресейдегі ұшақтарына техникалық қызмет көрсетуді тоқтатты

 

«Air Astana» алғаш рет жөндеудің бірінші түрін – 2019 жылдың қараша айында Алматы әуежайындағы өзінің инженерлік-техникалық орталығында Airbus A320 нео ұшағын C-check жүргізген. 

C-check (si-check) – 15-24 ай сайын немесе 7500 ұшу сағатында орындалатын техникалық қызмет көрсету түрі. Бұл сынақ ұшақты белгілі бір уақыт кезеңінде (шамамен екі апта) пайдалану үшін шығаруды талап етеді. Бұл тексерудің уақыты көптеген факторларға, атап айтқанда, әуе кемесінің түріне байланысты.

Ал 2021 жылдың қараша айында авиакомпания Нұр-Сұлтан әуежайындағы өзінің инженерлік-техникалық орталығында Airbus A321 ұшағын жөндеудің күрделі түрін жүргізген.

2021 жылдың күзінде «Air Astana» кешенді техникалық қызмет көрсету бойынша EASA (Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі) сертификатын алды. Бұрын техникалық қызмет көрсетудің мұндай түрлері Еуропада, Ресейде және Қытайда ғана жүргізілген.

Ендігі кезекте 2022 жылдың 11 наурызында «Air Astana» Ресейге барлық рейстерді тоқтатты. 

                                                                                 Асемай Ерланқызы

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10