Қоғам • 07 Маусым, 2022

Қазақстанда ПТР-тест пен вакцинация паспорты талап етілмейді

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ПТР-тест пен вакцинация паспорты талап етілмейді

Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері және өңірлердің басшылары қатысты.

Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия келесідей шешімдер қабылдады:

  1. Бірінші, ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктерге ҚР Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы) құжаттық растау бойынша, ал олар болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну міндетті талабын алып тастауды;
  2. Екініші, Республиканың 7 өңірдегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу пункттердін жұмыс істеуге тыйым салуды алып тастау туралы шешім қабылдады.

Аружан Амангелді