«2023 жылы инфляция біртіндеп 7,5-9,5 пайызға дейін баяулайды. Бұл ретте 2022 жылғы жоғары база есебінен шығу тұрғысында, екінші жағынан базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешім мен сыртқы инфляциялық қысымның біртіндеп төмендеуі және іске асырылуы жоспарланып отырған контрциклдік бюджеттік қағида аясында мүмкін болады», деді Ғалымжан Пірматов брифинг барысында.
Оның айтуынша, 2024 жылы сыртқы, сол сияқты ішкі жаңа өзгерістер болмаған жағдайда, инфляция таргеттелетін дәлізден әлі де тыс болады.