22 Сәуір, 2014

Жалғандық жарға жықты

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Айыртау аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры А. Жүсіпованың «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаржыны заңсыз пайдаланды деген қылмыстық кінәсі дәлелденді. Тергеу барысы көрсеткендей, 2012 жылдың сәуірінде Айыртау ауданы әкімдігінің қаулысымен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жеті кәсіпорын жұмыс беруші ретінде бекітілген. Алайда, жұмыспен қамту орталығының басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, жұмыс­­­сыз­дарды әлеуметтік жұмыс орындары­мен қамтитындығы, ал жұмысқа орна­ласушылардың еңбекақысы мем­лекеттің есебінен ішінара төленетіндігі жайлы заңсыз келісімшарт жасаған. Сонымен бірге, директор «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның тиісті талаптарын өрескел бұзу арқы­лы төлеуге берілетін шоттарға қол қойып, кәсіпорындардың есепшот­тарына «әлеуметтік жұмысқа орна­лас­қан азаматтардың» ақпан және наурыз айларының еңбекақысы ретінде 1,87 миллион теңге ақша аудар­ған. Ақиқатына келсек, бұл уақыт аралығында бюджет қаржысы ауда­рыл­ған 36 адам жұмыссыз ретінде есепте тұр­маған. Олар, тіпті, мемлекеттік бағдар­ламаның қатысушысы да болмай шыққан. Осы кезеңде директор көрсе­­тіл­­ген қызмет жөнінде 9 жалған құ­жатқа қол қойған. Бұл актілерде де азаматтардың әлеуметтік жұ­мыс орындарында еңбек етіп жат­қан­ды­ғы туралы жалған ақпарат көр­се­тілген. Осылайша жалған құжаттар жасау арқылы жалғанды жалпағынан баспақ болған күдіктінің қылмысы бұлтартпас айғақтармен дәлелденді. Нұрлан ЖАХИН, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы. Солтүстік Қазақстан облысы.