Қоғам • 07 Маусым, 2022

Мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері талқыланды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері талқыланды

Құжаттың мақсаты - мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ еліміз ратификациялаған Конвенциядан халықтың тиісті тобының құқықтары туралы кемсітушілік терминологиясын алып тастау, заңнамадағы олқылықтың орнын толтыру және мүгедек адамдардың өмір сүру сапасы мәселелерін реттейтін нормаларды сәйкестендіру.

Заң қабылданған жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясат жетіле түседі. Заң жобасы сонымен қатар мүгедектікті белгілеу мен экономикалық дербестікті кеңейту үшін медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, сондай-ақ оңалту қызметтерін жетілдіруге ықпал етеді.

Заң жобасына ҚР Парламентінің депутаттары бастамашы болды.

Заң жобасында мүгедек адамдарды және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарын тасымалдау үшін тұрақты қалалық тасымалға дайындаушы зауыт бейімдеп жасаған автобустарды сатып алу жөніндегі міндетті талапты енгізу, үшінші топтағы мүгедек адамдарды құқықтық және техникалық сипаттағы нотариаттық істерді жасау кезінде жеке нотариустардың қызметіне ақы төлеуден босату және басқа да өзекті мәселелер бар.

Сенаторлар комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.