Бұл туралы ол Президенттің қабылдауынан кейін берген сұхбатында айтты.
«Мен бүгін Мемлекет басшысына Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттерге жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындысы туралы баяндадым. Бұл ауқымды жұмыстың қорытындысы бойынша шамамен 9 млрд теңгенің қаржылық заң бұзу фактісі анықталды. 290 млрд теңгеден астам қаражаттың 20 жоба бойынша 20 нысанға Ұлттық қордың тұжырымдамасында қарастырылмаған бағыттарға 230 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Заң бұзу фактілері негізінен атқарылмаған жұмыстар мен орындалмаған қызметтерге ақы төлеумен байланысты», дейді комитет басшысы БОРТ №1 телеграм арнасы жарияланған бейнероликте.