Футбол • 08 Маусым, 2022

Ұлттар лигасы: Англия мен Германия тең түсті

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан UEFA Ұлттар лигасында екінші турдың үшінші ойын күні өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттар лигасы: Англия мен Германия тең түсті

Бұл күнгі басты ойын А лигасы үшінші тобындағы Германия және Англия құрамалары арасында болды.

Ойын барысында германиялық Йонас Кофман 50-минутта есеп ашты. Оған 88-минутта англиялық Гарри Кейн пенальтиден бір голмен жауап қайырды. Осылайша құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді. Германия екінші мәрте тең түссе, Англия алғашқы ұпайына қол жеткізді.

Турнир кестесінде құрамалар үшінші және төртінші орынды місе тұтып тұр. Аталған топтағы тағы бір кездесуде Италия Венгрияны 2:1 есебімен сүріндірді.

Үшінші ойын күніндегі өзге нәтижелер төмендегіше:

В лигасы 3 топ

Финляндия - Черногория 2:0

Босния және Герцоговина - Румыния 1:0

С лигасы 1 топ

Фарер аралдары - Люксембург 0:1

Литва - Түркия 0:6

9 маусымда үшінші тур ойындары басталады.

Еске сала кетейік, аталған турнирде Қазақстан Словакияны жеңді.