Бизнес • 08 Маусым, 2022

Кәсіпкер әйелдердің құқығы қорғалады

217 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Бәйтерек» холдингі БҰҰ-ның әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі бастамасына қосылды. Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарына қосылу туралы мәлімдемеге холдингтің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев қол қойды.

Кәсіпкер әйелдердің құқығы қорғалады

Осылайша ұлттық компания Әйелдердің құқықтары мен мүм­кін­діктерін кеңейту қағидат­тарының (Women’s Empowerment Principles) жаһандық платформасында сәтті тіркелді.

Іс-шара кезінде «БҰҰ-әйел­дер» құрылымының Қазақстан­дағы өкілі Мария Доценко ком­па­ниялар мен бизнес құрылымдар ара­сында WEPs ілгерілету бойынша Қазақстанның Орталық Азияда көшбасшы болып табы­ла­тынын атап өтті.

«Пандемия бүкіл әлемдегі, соның ішінде Қазақстандағы эко­номика мен бизнестің дамуы­на үлкен әсер етті. Сондық­тан біз «Бәйтерек» холдин­гінің Қазақстандағы алғашқы, пан­демиядан кейінгі кезеңде WEPs қағидаттарына қол қойған бастамасы ақ жол ашып отыр деп санаймыз. Біз холдингтің әйел­дердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағи­дат­тарына қосылуын құптай отырып, оның дәлелді ісі Қазақстанның басқа компаниялары үшін де үлгі болады деп үміттенеміз, деді М.Доценко.

Өз кезегінде Қанат Шарлапаев холдингте БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. «Тұрақты даму мақсаттардың маңызды тұсының бірі – ген­дер­лік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту. Хол­динг өз қызметін жүзеге асыру ке­зінде тең мүмкіндіктер беру қағи­датын басшылыққа алады және өз қызметкерлерін, оның ішін­де гендерлік белгісі бойын­ша кемсітуге жол бермейді. Холдингтің БҰҰ баста­ма­сына қосылуы гендерлік тең­дік мәселелері бойынша корпо­ра­тивтік көшбасшылықты жоғары деңгейде одан әрі қолдау бойынша маңызды қадам болып табылады», деп атап өтті басқарма төрағасы.

Қанат Шарлапаев «БҰҰ-әйелдер» құрылымның атқарушы ди­ректорының орынбасары Анита Бхатиямен кездесу кезінде хол­дингтің тек компания ішінде емес, ел көлемінде де әйелдерді қолдау жөніндегі қызметі туралы хабардар етті.

Оның айтуынша, «Бәйтерек» әйелдер бастамалары мен көш­бас­шылығына барынша жәрдемдесіп келеді. Холдингтің бірыңғай кадр саясатына сәйкес 2022-2024 жылдарға арналған KPI ретінде даму жоспарларына «Холдинг пен еншілес ұйымдардың бас­шы­лығындағы әйелдер саны» көрсет­кіші енгізілген. Бұдан бөлек, холдингтің бірыңғай кадр ре­зервіне іріктеу кезінде қыз-келін­шектерге басымдық беріледі.

Сонымен қатар холдинг өмірде қиын жағдайға тап бол­ған әйелдерге, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларда тәр­бие­леніп жатқан балаларға қайы­рымдылық көмек көрсетеді. «Бәй­терек» холдингі қаржы институты ретінде әйелдерге өзінің еншілес ұйымдары – «Отбасы банк» АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы «Ұмай» ипотекасын ұсынды, сондай-ақ, әйел кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыруға қолдау көрсетіп келеді.

Айта кетейік, WEPs қағидат­тарына қол қою – компанияның гендерлік теңдікті ілгерілетудегі және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудегі мүдделілік пен белсенді ұстаным туралы жария мәлімдемесі болып табылады. Бүгінгі таңда әлемде 5 мыңнан астам компания WEPs бастамасының қатысушылары болып табылады. Оның ішінде 40-тан астам қазақстандық компания да бар.