ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі археологиялық қазба жұмыстары туралы «Қазақстан тарихы» атты үш томдық кітап жарыққа шығады. Кітапты дайындау барысында жергілікті археологтар Ресей, Өзбекстан және Түркия мұрағаттарында орасан зор жұмыс атқарды. Бүгінгі таңда қосымша түпнұсқа ақпараттар бар 15 000 бет жиналды.
«Қазақстан тарихы» кітабы осы жылдың соңына қарай бірден үш тілде шығады деп көзделіп отыр. Археологтар Зайнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев Ақбауыр, Шілікті алқаптарында және «Елеке сазы» жазығындағы қорғандарда қазба жұмыстарын биыл да жалғастырады. Ғалымдарымыз жауынгер-музыкант жерленген бейіттердің бірін қайта қалпына келтірді. Көне үш аспап сақталған. Енді дәл сондай аспаптарды қайта жасап шығарып, халық аспаптар оркестріне қосу қажет», дейді аймақ басшысы Даниал Ахметов.
Археологиялық зерттеулерге өңір студенттері де атсалысып жатыр. Олар қорғандарда геодезиялық жұмыстар жүргізуде.