Әлем • 08 Маусым, 2022

Бейбіт мемлекетте референдум өтті

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтардағы қанды тәртіпсіздіктер мен Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық Азиядағы ең бай мемлекетті басқарған отыз жылдық билігін тоқтатқаннан кейін Қазақстанда жексенбі күні Конституция­ны қайта қарау үшін референдум өтті.

Бейбіт мемлекетте референдум өтті

Сұйытылған газ бағасының шарық­тауына қарсы бейбіт шерулерден туындаған қантөгіс 230-дан астам адам­ның өмірін қиды. Осындай қанды қырғыннан кейін «Жаңа Қазақстанды» Н.Назарбаев 2019 жылы президент ретінде ұсынған адам Қасым-Жомарт Тоқаев құрады. Алматы мен Нұр-Сұлтанда дауыс беру таңғы сағат 7:00-де басталды (GMT уақыты бойынша 1:00) және 20:00-де аяқталды (GMT 14:00). Ал елдің батысындағы референдум учаскелері бір сағаттан кейін жұмысын бастады.

Қаңтардағы оқиғадан кейін Н.Назарбаев көпшілік алдына сирек шықты, бірақ дүйсенбіде жариялан­ған сұхбатында ол Қ.Тоқаевты және конс­титуциялық өзгерістерді қолдайтынына уәде берді. Сонымен қатар егер оның туыстары қылмыс жасап, әділ сотта қаралатын болса, «жауапқа тартылуы керек» деп қосты ол.