Спорт • 08 Маусым, 2022

10 жүлдемен оралды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы – Абу-Дабиде джиу-джитсудан әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста 70 мемлекеттен келген 550-ден астам спортшы күш сынасты.

10 жүлдемен оралды

Жекпе-жектің қай түріне де бейім қа­зақтар бұл жолы да тамаша өнер көрсетті. Жерлестеріміздің арасынан Әли Серік (51 кило) пен Александр Цариков (81 кило, U-23) қарсы келгендердің барлығын қоғадай жапырып, бас жүлдені олжалады. Алексей Магдеев (45 кило), Шәміл Ермағамбетов (54 кило), Ернат Смағұлов (60 кило), Жәнібек Қанатбаев (67 кило), Руслан Заякин (71 кило), Евгений Зимин (86 кило), Алена Ожередова (71 кило, U-23) финалға дейін алқынбай жеткенімен, шешуші тұста ұтылып, күміс медальды мойындарына ілді. Жартылай финалда сүрінген Дарья Шубникова (71 кило) қола жүлдені еншіледі.

Нәтижесінде, 2 алтын, 7 күміс және 1 қола медальды қоржынға салған Қазақстан құра­масы жалпы есепте үздіктер қатарына қо­сылды. Ал көш басында Таиланд (ерлер) пен Швецияның (әйелдер) спортшылары.