Қазақстан • 08 Маусым, 2022

Волонтерлік қызмет пен қайырымдылық туралы заң жобасы мақұлданды

551 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Волонтерлік қызмет пен қайырымдылық туралы заң жобасы мақұлданды

Бірінші оқылымда заң жобасы биылғы ақпан айында мақұлданған еді.

«Заң жобасы мемлекеттік грант саясатын, қайырымдылық және волонтерлік қызметті жүзеге асыру салаларындағы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың «стратегиялық әріптестік» түріндегі өзара іс-қимылының жаңа тетігін енгізуге бағытталған. Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар «волонтерлік қызмет», «волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган», «қайырымдылық волонтері» ұғымдарын нақтылады, қайырымдылық бағдарламасын әзірлеу, бекіту және орындау жөніндегі нормалар қайта қаралды, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысу құқығы кеңейтілді», дейді депутат, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Вера Ким Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен бірге азаматтық қоғамды тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігіне бағалау жүргізу жөніндегі нормалар күшейтілген.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құзыретіне волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу бойынша функциялар енгізілген.

Депутаттар волонтерлерді «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» заңда көзделген тәртіппен наградалармен марапаттауды ұсынған.

«Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық көмекпен қамту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық маңызды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін және оларды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындау жөніндегі құзыреті белгіленді. Дербес төлеушілердің МӘМС аясында медициналық көмек алу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті жарналарды төлеудің баламалы тетігі енгізілді. БАҚ қызметкерлерінің әлеуметтік төлемдер алуы үшін кірістерін есепке алуға қатысты және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны құруға қатысты «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер енгізілді», деді Вера Ким.