Бұл – Дүниежүзілік банктің Киевке жібермек болған 4 млрд доллар көлеміндегі ақшалай көмек пакетінің бір бөлігі. Бұл қаражатқа Ұлыбритания, Нидерланды, Литва, Латвия және басқа да бірқатар елдер берген несиелік кепілдіктер кіреді. Дүниежүзілік банк бұл ақшаның «мемлекеттік қызметкерлер мен әлеуметтік сала қызметкерлеріне жалақы төлеуге» бағытталатынын есептеп отыр.
Дүниежүзілік банк президенті Дэвид Малпас банктің Украинаға «қаржылық қолдау көрсету үшін донор елдермен жұмыс істеп жатқанын», сонымен қатар «украиналықтардың денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуіне көмектесу» бағытында шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.