Аймақтар • 08 Маусым, 2022

Ресей азаматы бес жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей азаматы бес жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресей азаматы бес жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген

1 маусымда Өскеменде көші-қон қызметкерлері қос азаматтық алған әйелді анықтаған. 64 жастағы әйел 17 жылдан бері көрші ел азаматы бола тұра, Қазақстанда тұрып, 5 жыл бойы зейнетақы алып жүрген.

«Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір қазақстандық құжаттар тәркіленіп, азаматтығынан айырылды және заңсыз алынған ақша қаражатын қайтару мәселесі қарастырылып жатыр», деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО аумағынан қос азаматтығы бар 35-тен аса адам анықталған. ШҚО ПД көші-қон қызметі Конституцияға сәйкес елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, заңнаманы сақтауға шақырды.