«Өзін екінші деңгейдегі банктің қызметкері ретінде таныстырған бейтаныс адам ұялы телефонға қоңырау шалып, әйелдің шоттарын алаяқтардан қорғауды ұсынды. Осылайша, банктің жалған қызметкері әйелге келіп түскен SMS-хабарламадағы кодты айтуын сұрады. Кодты алып алған алаяқ әйелдің барлық жинақтарын өз шотына аударды», делінген Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, Хромтау тұрғыны 10 млн теңгеден айырылды.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде», деп қосты ПД баспасөз қызметі.
Облыстық полиция қызметкерлері банк қызметкерлері клиентке күдікті транзакциялар туралы хабарлау үшін ешқашан қоңырау шалмайтынын еске салды.