Бүгінгі сөз алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Алматы қалалық № 5 емхананың негізін қалаушы және оның тұңғыш бас дәрігері Асылбек Жұманұлы Сейітов хақында болмақ. Ол тұста халқымыздың ұл-қыздарының көбі дәрігерлік салаға көп жуықтай қоймаған шақ еді. Елінің дәрігерлік саласына көп үлес қосқан Жұман Сейітов отбасындағы үшінші перзент.
Оның бірге туған Сұлтанбек, Мұсылманбек, Асылбек, Омарбек, Мұратбек есімді бес ұлы мен Жамал атты қарындасы болған. Асылбектің әкесі 1901 жылы ауыр сырқаттан қайтыс болыпты. Алты баланың анасы Қадиша Әйтпенқызы балаларының жақсы мамандық иелері болуын көксеп, қаншама қиындық көрсе де, олардың оқуын жалғастыруына мұрындық болады. Сөйтіп жүріп, аяулы ана ұлдары Сұлтанбекке – топограф, Мұсылманбекке – мұғалім, Асылбек пен Мұратбекке дәрігер мамандықтарын игертеді. (Омарбек жастай ауыр науқастан қайтыс болады).
1913 жылы Омбы гимназиясын үздік бағамен бітірген Асылбек Томск университетінің дәрігерлік факультетінде 4 жыл білім алған. Соңғы екі жылын Ақмола губерниясы земствосының жәрдем қаржысымен оқиды да, қаражатын алған соң, дәрігерлік қызметті Ақмола уезінен бастайды. Осы кезде ол Ақмола облыстық қазақ комитетінің мүшесі болып сайланып, қоғамдық қызметке де араласа бастайды.
Өз саласында және қоғамдық қызметтерде танылып қалған Асылбек 1917 жылы Орынбор қаласында өткен Бірінші Бүкілқырғыз съезіне делегат болып қатысады. Асылбек Сейітов жөнінде Сәкен Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу» атты кітабында кеңірек тоқталады. Осыдан-ақ оның тегін тұлға емесін аңғарамыз.
1922 жылы Асылбек Семей қаласының губерниялық денсаулық сақтау бөлім меңгерушісі қызметіне ауыстырылады. Денсаулық сақтау саласына тәжірибелі дәрігер-маманды жинап, «Ауыл» шипажайын және «Березовка» сауықтыру орталығын құрады. Қайда жүрсе де, елінің денсаулығын, болашағын ойлағаны осыдан білінеді.
Алматыдағы Денсаулық Халық комисcариатының жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне шақырылған білікті маманға, Алматы темекі фабрикасына қарасты дәрігерлік пункттің бас дәрігері міндетін қатар атқару жүктеледі. 1937 жылдың 25 қарашасында дейін бұрынғы Ленин, қазіргі Жетісу ауданына қарасты №5 емхананың ашылуына шұғыл тапсырма беріледі. Уақыт тығыздығына қарамастан, міндетті белгіленген мерзімнен бір апта бұрын орындап, өзі бас дәрігер болып тағайындалған Асылбек Жұманұлы 1937 жылдың 3 желтоқсанында жазықсыздан-жазықсыз, тұтқындалып кете барады.
Ал Асылбектің жары Нафиға Садуақасқызы әділдік іздеумен бір жылға жуық уақыт түрме есігін тоздырумен жүргенде кенеттен қайтыс болады. Артында қалған қыздары он бес жастағы Роза мен сегіз айлық Клара баспанасыз, қараусыз көшеде қалады. Қос балдырған қайырымды жандардың көмегімен ел қатарына қосылыпты. Бүгінде олардың екеуі де ұрпақ сүйіп отыр.
Әкесінің жазықсыз жазаға кесілгенін ел-жұртқа дәлелдеу Клара Асылбекқызына оңайға соққан жоқ. Еліне еңбек ету жолында нақақ кеткен әкесі тек 1957 жылдың сәуір айында ғана жазықсыз деп ақталады. Азаптау лагерінде өткен жиырма жылы оның еліне жасаған еңбегін жоққа шығара алған жоқ. Бірақ елі үшін туған есіл ер атылып кетті.
1996 жылы Клара Асылбекқызының өтініші бойынша Алматы облысы мен құжаттар басқармасы берген С-39 таңбалы анықтамада жарты ғасырдан астам уақыт НКВД органдарындағы құпия істің бетпердесі ашылған. 1937 жылдың 3 желтоқсанында Асылбек Сейітовпен тергеу кезінде кездескен қаржы мекемесінің қызметкерлері: «1933 жылы үйінде отырғанда оның Кеңес өкіметін қаралап, қазақты жер бетінен құрту үшін аштықты қасақана ұйымдастырды, халықты бұдан құтқарудың бірден-бір амалы – Қытайға жаппай көшіру деген ұсыныс айтып, бізді үгіттеді», деп куәлік жасапты. Сонымен Асылбек Жұманұлының қылмысы үш-ақ тәулікте анықталып, ату жазасына кесілген. Үкім сол күні орындалғаны белгілі болады. Бірақ 1957 жылы облыстық прокуратура қайта жауапқа шақырғанда, куәгерлер бұрынғы жауаптарынан танып, жанымыздан қорықтық деген сылтау айтады. Осылайша, 20 жылдан кейін Асылбек Сейітов «халық жауы» деген жаладан ақталады. Клара Сейітова әкесі жөнінде деректер іздестіре жүріп, оның қазақ халқы үшін атқарған қыруар шаруаларының куәсі болады.
Асылбек Жұманұлы тек халқының денсаулығын ойлаған ашық ойлы азамат қана емес, білікті қоғам қайраткері, ұлтын сүйген ұлтжанды перзент екеніне де көз жеткізетін уақыт келді. Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин сияқты ұлы тұлғалармен сырлас, тең тұрғыда сөйлесе алатын үзеңгілес болған Асылбек Жұманұлы сынды азаматтардың еңбегін бүгінгі ұрпақтар, әрине, жадына сақтауға тиіс. Қоғам қайраткері, дәрігер Асылбек Жұманұлының құжаттары 2002 жылы қызы Клара Сейітованың тапсыруымен Алматы қаласы Орталық мемлекеттік мұрағатына тұрақты сақтауға алынып, № 357 жеке адамның қалыптасу қоры берілген. Алматы қаласы Орталық мемлекеттік мұрағат сарапшысы Ләйлә Рахипованың ұсынысымен осы материалды оқырман назарына жеткізіп отырмыз.
Оның өшпес есімі «Азалы кітаптың» бірінші томына енгізілді. Семей қаласында бір көшеге Асылбек Сейітов есімі берілсе, Алматы қаласындағы Жетісу ауданында 1937 жылы Асылбек Жұманұлы іргетасын қалаған №5 көпсалалы емхана қабырғасына ескерткіш тақта қойылды. Небір қиын қыстау кезде де елін ұмытпаған, тіпті, сол үшін жанын қиған Асылбек Сейітов есімі ұмытылмақ емес. Ұмытылмайды да.
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Елордада тағы 7 автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 11:15
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Қоғам • Бүгін, 11:07
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Елорда • Бүгін, 10:55
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Елордадағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды
Елорда • Бүгін, 10:39
Қазақстандық спортшылар Ислам ойындарында тағы 2 жүлде алды
Спорт • Бүгін, 10:30
Шымкентте 1 жасар бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Бүгін, 10:13
Армениядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:08
Алматыдан 125 шақырым жерде жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады
Туризм • Бүгін, 09:52
16 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:47
Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:42
16 тамызға арналға ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Қазақстанда 9,5 миллионнан астам адам екпе салдырған
Коронавирус • Бүгін, 09:30
ХҚКО өкілдері мүгедектерге мемлекеттік баж салығын төлеткен
ANTIKOR • Бүгін, 09:22
Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 09:13
1453 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өткен тәулікте 789 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Ұлттық спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:42
Спорт • Бүгін, 08:40
Цинциннатидегі турнир басталды
Спорт • Бүгін, 08:38
Ұқсас жаңалықтар